Баға ұсыныстарын сұрау арқылы салқындатқыштарға техникалық қызмет көрсету сатып алу

20.03.2024


Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру туралы ақпараттық хабарлама мәтінінің нысаны
«Астана қаласы теледидары» ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ШЕКТЕУЛІ СЕРІКТЕСТІГІ, электронды пошта: astanatv@astv.kz,
Баға ұсыныстарын сұрау арқылы салқындатқыштарға техникалық қызмет көрсету сатып алу
 Әлеуетті жеткізуші тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алуға қатысу үшін Желтоқсан к/сі, 49, 303 кеңсе мекенжайы бойынша, тел.: 8(707)2181970, 2024ж., 01 сәуір,17:00 сағ. мерзімге дейінәлеуетті жеткізушінің мөрімен (бар болса) бекітілген желімделген конвертте 1 (бір) ұсыныс береді.
Әлеуетті жеткізушінің баға ұсынысы оның хабарландыруда көзделген талаптарды сақтаумен қызмет көрсетуді жүзеге асыруға келісімін білдіру нысаны болып табылады. Әлеуетті жеткізушінің баға ұсынуына қызмет көрсетумен байланысты барлық шығындар кіреді.
Әлеуетті өнім берушінің сатып алуға қатысуға өтінімі бар конвертте мынадай құжаттар қоса берілуге тиіс:
1) баға ұсынысы;
2) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың/мемлекеттік тіркеу куәлігінің және дара кәсіпкердің жеке куәлігінің көшірмесі;
3) әлеуетті өнім берушінің мөрімен (ол болған кезде) бекітілген қол қойылған техникалық ерекшелік;
4) қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәліктің көшірмесі не әлеуетті өнім берушінің қосылған құн салығын төлеуші болып табылмайтындығы туралы жазбаша хабарлама.
Баға ұсыныстары салынған конверт былай ресімделеді:
Әлеуетті жеткізуші желімделген конверттің беткі жағына:
- әлеуетті жеткізушінің толық атауын, пошта, электрондық мекенжайын және байланыс телефонын;
- тапсырыс берушінің атауы және пошта мекенжайы, олар хабарландыруда көрсетілген ұқсас мәліметтерге сәйкес келуі тиіс;
- әлеуетті жеткізушінің қатысуға ұсынысы берілетін тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алу атауы жазуы тиіс.
Сатып алуға қатысуға ұсыныстар берудің соңғы мерзімі 01 сәуір 2024 жыл, 17уақыт 00 минут дейін.
 Әлеуетті жеткізушілердің келген өтінімдері салынған конверттерді ашу Желтоқсан к/сі,51, 3 қабат, конференц зал, мекенжайы бойынша 2024ж, 02 сәуір 11сағ.: 00 м өтеді. Әлеуетті жеткізушілер немесе олардың өкілетті өкілдері (құжат жүзінде ресімделген өкілеттікпен) өтінімдер салынған конверттерді ашқан кезде қатыса алады.