Баға ұсыныстарын сұрау арқылы күзет қызметін сатып алу

14.03.2024


Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру туралы ақпараттық хабарлама мәтінінің нысаны

«Астана қаласы теледидары» ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ШЕКТЕУЛІ СЕРІКТЕСТІГІ, электронды пошта: astanatv@astv.kz,

Баға ұсыныстарын сұрау арқылы күзет қызметін сатып алу

 Әлеуетті жеткізуші тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алуға қатысу үшін Желтоқсан к/сі, 49, 303 кеңсе мекенжайы бойынша, тел.: 8(707)2181970, 2024ж., 26 наурыз,17:00 сағ. мерзімге дейінәлеуетті жеткізушінің мөрімен (бар болса) бекітілген желімделген конвертте 1 (бір) ұсыныс береді.

Әлеуетті жеткізушінің баға ұсынысы оның хабарландыруда көзделген талаптарды сақтаумен қызмет көрсетуді жүзеге асыруға келісімін білдіру нысаны болып табылады. Әлеуетті жеткізушінің баға ұсынуына қызмет көрсетумен байланысты барлық шығындар кіреді.

Әлеуетті жеткізушінің баға ұсынысына мына құжаттар қоса тіркелуі тиіс:

1) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың/жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу куәлігінің көшірмесі;

2) әлеуетті жеткізушінің мөрі басылған (бар болса), қолы қойылған техникалық ерекшелік;

3) лицензияның нотариалдық куәландырылған көшірмесі немесе электрондық лицензия берген деректердің нақтылығын тексеру үшін лицензияның мемлекеттік электрондық тізілімінен электрондық лицензяиның көшірмесі (сатып алу талаптары міндетті лицнезиялауға жататын қызмет болып шамаланған жағдайда);

4) қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлік көшірмесі (бар болса);

Баға ұсыныстары салынған конвертбылай ресімделеді:

Әлеуетті жеткізуші желімделген конверттің беткі жағына:

- әлеуетті жеткізушінің толық атауын, пошта, электрондық мекенжайын және байланыс телефонын;

- тапсырыс берушінің атауы және пошта мекенжайы, олар хабарландыруда көрсетілген ұқсас мәліметтерге сәйкес келуі тиіс;

- әлеуетті жеткізушінің қатысуға ұсынысы берілетін тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алу атауы жазуы тиіс.

Сатып алуға қатысуға ұсыныстар берудің соңғы мерзімі 26 наурыз 2024 жыл, 17уақыт 00 минут дейін.

 Әлеуетті жеткізушілердің келген өтінімдері салынған конверттерді ашу Желтоқсан к/сі,51, 3 қабат, конференц зал, мекенжайы бойынша 2024ж.,27 наурыз 11сағ.: 00 м өтеді. Әлеуетті жеткізушілер немесе олардың өкілетті өкілдері (құжат жүзінде ресімделген өкілеттікпен) өтінімдер салынған конверттерді ашқан кезде қатыса алады.