Баға ұсыныстарын сұрау арқылы техникалық қолдау көрсету қызметтерін, SEO веб-сайттарын жылжыту, ұсынымдар қызметтеріндегі мазмұнды жылжыту сатып алу

26.02.2024



Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру туралы ақпараттық хабарлама мәтінінің нысаны

«Астана қаласы теледидары» ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ШЕКТЕУЛІ СЕРІКТЕСТІГІ, электронды пошта: astanatv@astv.kz,

Баға ұсыныстарын сұрау арқылы техникалық қолдау көрсету қызметтерін, SEO веб-сайттарын жылжыту,

ұсынымдар қызметтеріндегі мазмұнды жылжыту сатып алу

Әлеуетті жеткізуші тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алуға қатысу үшін Астана қ., Желтоқсан к/сі, 49, 303 кеңсе мекенжайы бойынша, тел.: +7 707 2181970, 2024ж., «04» наурыз, 17:00 сағ. мерзімге дейін әлеуетті жеткізушінің мөрімен (бар болса) бекітілген желімделген конвертте 1 (бір) ұсыныс береді.

Әлеуетті жеткізушінің баға ұсынысы оның хабарландыруда көзделген талаптарды сақтаумен қызмет көрсетуді жүзеге асыруға келісімін білдіру нысаны болып табылады. Әлеуетті жеткізушінің баға ұсынуына қызмет көрсетумен байланысты барлық шығындар кіреді.

Әлеуетті өнім берушіден мынадай құжаттар қоса берілуі тиіс:

 1) мынадай мәліметтерді көрсете отырып, әлеуетті өнім беруші болған кезде мөрмен бекітілген қол қойылған баға ұсынысы: әлеуетті өнім берушінің атауы, заңды және нақты мекенжайы, банктік деректемелері; жеткізілетін тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің атауы, саны, орны мен мерзімдері;

2) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың/дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу куәлігінің көшірмесі, сондай-ақ басшының жеке куәлігінің көшірмесі; 3) қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәліктің көшірмесі (бар болса) не қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінің жоқтығы туралы жазбаша хабарлама;

4) әлеуетті өнім берушінің мөрімен (бар болса) бекітілген қол қойылған техникалық ерекшелік.

Баға ұсыныстары салынған конверт былай ресімделеді:

Әлеуетті жеткізуші желімделген конверттің беткі жағына:

- әлеуетті жеткізушінің толық атауын, пошта, электрондық мекенжайын және байланыс телефонын;

- тапсырыс берушінің атауы және пошта мекенжайы, олар хабарландыруда көрсетілген ұқсас мәліметтерге сәйкес келуі тиіс;

- әлеуетті жеткізушінің қатысуға ұсынысы берілетін тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алу атауы жазуы тиіс.

Сатып алуға қатысуға ұсыныстар берудің соңғы мерзімі «04» наурыз 2024 жыл, 17:00-ге дейін.

Әлеуетті жеткізушілердің келген өтінімдері салынған конверттерді ашу Астана қ., Желтоқсан к/сі, 51, 3 қабат, конференц зал, мекенжайы бойынша 2024 ж., «05» наурыз 11:00-де өтеді. Әлеуетті жеткізушілер немесе олардың өкілетті өкілдері (құжат жүзінде ресімделген өкілеттікпен) өтінімдер салынған конверттерді ашқан кезде қатыса алады.