"АСТАНА Қ. ТЕЛЕДИДАРЫ" ЖШС-не САТЫП АЛУ ТӘСІЛІМЕН ТҰТАСШЫНЫЛЫ АЛЮМИНИЙЛІ ҚАБЫРҒАЛАРДЫ ДАЙЫНДАУ ЖӘНЕ ОРНАТУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ

08.06.2020

Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру туралы ақпараттық хабарлама мәтінінің нысаны

«Астана қаласы теледидары» ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ШЕКТЕУЛІ СЕРІКТЕСТІГІ, электронды пошта: astanatv@astv.kz, баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен Тапсырыс берушінің объектісінде тұтасшынылы алюминийлі қабырғаларды дайындау және орнату жұмысын жүзеге асыру туралы ақпаратты жариялайды.

 Әлеуетті жеткізуші тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алуға қатысу үшін Желтоқсан к/сі, 51 мекенжайы бойынша, тел.: 87172 31-85-62, 2020 ж., 15 маусым 17:00 сағ. мерзімге дейін әлеуетті жеткізушінің мөрімен (бар болса) бекітілген желімделген конвертте 1 (бір) ұсыныс береді.

Әлеуетті жеткізушінің баға ұсынысы оның хабарландыруда көзделген талаптарды сақтаумен тауарды жеткізуді жүзеге асыруға келісімін білдіру нысаны болып табылады. Әлеуетті жеткізушінің баға ұсынуына тауарларды жеткізумен байланысты барлық шығындар кіреді.

Әлеуетті жеткізушінің баға ұсынысына мына құжаттар қоса тіркелуі тиіс:

1) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың/жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу куәлігінің көшірмесі;

2) әлеуетті жеткізушінің мөрі басылған (бар болса), қолы қойылған техникалық ерекшелік;

3) кепілдемелік міндеттеме түпнұсқасы (қажет болғанда);

4) лицензияның нотариалдық куәландырылған көшірмесі немесе электрондық лицензия берген деректердің нақтылығын тексеру үшін лицензияның мемлекеттік электрондық тізілімінен электрондық лицензяиның көшірмесі (сатып алу талаптары міндетті лицнезиялауға жататын қызмет болып шамаланған жағдайда);

5) сапа сертификатының көшірмесі (бар болса);

6) қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлік көшірмесі (бар болса);

Баға ұсыныстары салынған конверт былай ресімделеді:

Әлеуетті жеткізуші желімделген конверттің беткі жағына:

- әлеуетті жеткізушінің толық атауын, пошта, электрондық мекенжайын және байланыс телефонын;

- тапсырыс берушінің атауы және пошта мекенжайы, олар хабарландыруда көрсетілген ұқсас мәліметтерге сәйкес келуі тиіс;

- әлеуетті жеткізушінің қатысуға ұсынысы берілетін тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алу атауы жазуы тиіс.

Сатып алуға қатысуға ұсыныстар берудің соңғы мерзімі 15 маусым 2020 жыл, 17 уақыт 00 минут дейін.

 Әлеуетті жеткізушілердің келген өтінімдері салынған конверттерді ашу Желтоқсан к/сі, 51, 3 қабат, конференц зал, мекенжайы бойынша 2020 ж., 16 маусым 11 сағ.: 00 м өтеді. Әлеуетті жеткізушілер немесе олардың өкілетті өкілдері (құжат жүзінде ресімделген өкілеттікпен) өтінімдер салынған конверттерді ашқан кезде қатыса алады.