Баға ұсыныстарын сұрау тәсілімен Cinegy бағдарламалық-аппараттық кешені үшін қосымша 4 Тб және 12 Тб қатты дискілерді сатып алу

15.02.2023

Әлеуетті жеткізуші тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алуға қатысу үшін Астана қ., Желтоқсан к/сі, 49, 303 кеңсе мекенжайы бойынша, тел.: +7 707 2181970, 2023ж., «22» ақпан, 17:00 сағ. мерзімге дейін әлеуетті жеткізушінің мөрімен (бар болса) бекітілген желімделген конвертте 1 (бір) ұсыныс береді.

Әлеуетті жеткізушінің баға ұсынысы оның хабарландыруда көзделген талаптарды сақтаумен қызмет көрсетуді жүзеге асыруға келісімін білдіру нысаны болып табылады. Әлеуетті жеткізушінің баға ұсынуына қызмет көрсетумен байланысты барлық шығындар кіреді.

Әлеуетті жеткізушінің баға ұсынысына мына құжаттар қоса тіркелуі тиіс:


1) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың/жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу куәлігінің көшірмесі;

2) әлеуетті жеткізушінің мөрі басылған (бар болса), қолы қойылған техникалық ерекшелік;

3) кепілдемелік міндеттеме түпнұсқасы (міндетті түрде);

4) сапа сертификатының көшірмесі;

5) қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлік көшірмесі (бар болса);

Баға ұсыныстары салынған конверт былай ресімделеді:

Әлеуетті жеткізуші желімделген конверттің беткі жағына:

- әлеуетті жеткізушінің толық атауын, пошта, электрондық мекенжайын және байланыс телефонын;

- тапсырыс берушінің атауы және пошта мекенжайы, олар хабарландыруда көрсетілген ұқсас мәліметтерге сәйкес келуі тиіс;

- әлеуетті жеткізушінің қатысуға ұсынысы берілетін тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алу атауы жазуы тиіс.

Сатып алуға қатысуға ұсыныстар берудің соңғы мерзімі «22» ақпан 2023 жыл, 17:00-ге дейін.

Әлеуетті жеткізушілердің келген өтінімдері салынған конверттерді ашу Астана қ., Желтоқсан к/сі, 51, 3 қабат, конференц зал, мекенжайы бойынша 2022 ж., «23» ақпан 11:00-де өтеді. Әлеуетті жеткізушілер немесе олардың өкілетті өкілдері (құжат жүзінде ресімделген өкілеттікпен) өтінімдер салынған конверттерді ашқан кезде қатыса алады.